Posted in

БЕТ ПЕРДЕСІН СЫПЫРДЫ (ЖҰЛЫП АЛДЫ)

Ел алдында әшкере қылып, шынайы жүзін, шын бейнесін көрсетті, көпке танытты. ~ Ежовтың көкірегінде жат пиғылдың жатқанын қайдан білсін Сұржекей. Сөйтсе, бұл Сталиннің емес, Ежовтың ізімен кеткен боп шықты. Сталин жолдас Ежовтың бет пердесін сыпырып сұрқия бейнесін халық алдында жарқ еткізіп ашып отыр. С.Ел. ~ Бір кейіпкердің көлеңкесінен екінші бір кейіпкердің сиқын көріп, бірінің бейшаралығына күлу арқылы екіншісінің бет пердесін сыпыру – Ілияс Жансүгіров сатирасы мен юморының астарласып көрінетін ерекшелігі. Ғ.Қаб. ~ Елтай іштей сылқ-сылқ күледі. Несін айтасың. Тотының жасанды бет пердесін жұлып алса, ауылдың көрсеқызар шөпжелке қызы шыға келеді екен. М.Қаб.