Posted in

БЕТ ПЕРДЕСІ БҮТІН (ЖЫРТЫЛМАҒАН)

Бұзылмаған, ары таза. ~ Хаттың осы жеріне келгенде, қалшиып тұрыппын да қаппын… Өйтпегенде ше?.. Ең алдымен қыз жазатын хат па осы? Және әлі бет пердесі бүтін дейтін жас қыздың хаты ма?.. Бұл, «өткелектен өтіп алды» дейтін қыздың ғана аузынан шығар сөз емес пе?.. С.Мұқ. ~ Даярлап қойған имам мен куәдірлердің тез келуіне Айғаным күдіктенген жоқ. Ал, Зейнепті әлі бет пердесі жыртылмаған жас қалыңдыққа санап, «тез келе қоймас, келсе де именіп зорға келер» деген ойда еді. С.Мұқ.