Бет жүзін құбылтты. ~ Келіп қалғанына өкінгендей Өтеу бет терісін бес сындырып, көш жерде серейіп мұз боп қалған екі аяғын бауырына зорға тартып алды. Қ.Ысқ. ~ Кеужірінің құжыры қанбаса да орталап қалған сигаретін сарғайып кеткен саусағының ұшымен мыжып отырып, бет терісін бырс-бырс сындырып, мыжырайып отырып: — Әй, біреудің қатынында қай атаңнан қалған кегің бар еді, қолың қышып бара жатса өз қатыныңды неге сабамайсың?! — деп Құмархан кәдімгідей жаны қинала, жағын ашпастан ысқырып сөйледі. Қ.Ысқ.
