а) Алған бағытына қарай аяқ басты, жүрді, бет алды. ~ Не болды, Чингиз Валиханович?! – деген үрейлі сұрауына жауап бермеген Шыңғыс үнсіз орманға бет түзеді. С.Мұқ. ~ Танабай балаларымен, малайымен езінің қырдағы жылқысына қарай бет түзеп келе жатты. Олардың арттарында аяндап, бүлкілдеп екі ақ төбет келе жатты. С.Сей. ~ Күн ысуы қайтты-ау деген шамада көш жолға шықты. Кешегі келген іздерімен кейін елге бет түзеді. А.Алт.
ә) Ниет етті, мақсат тұтты, ден қойды. ~ Түрменің іші түмегей, қара көлеңкеден топырақ көріне қояды дейсің бе? Тәуекел дариясына бет түзесем қалай болады? Б.Қыд. ~ Тоқта! Халайық, мына қасиеттi үйдi аттап өткенiмiз дұрыс болмас! – дедi ерекше бiр шабытпен саңқылдап. – Бiле бiлсек, бiздiң бет түзеп, мiнәжат етер Каhбамыз осы үй ғой. Т.Сәу.
