а) Жанжал шығарды, жағадан алды, намысқа тиді. ~ “Ән – нә – ні!.. Астында жатып та бет тырнайды!.. Осындай итке жақсы қатын қайдан жолығады десеңші?! Сәмиға болмағанда баяғыда-ақ сүйегің тайгада қалатын сыболыш едің-ау!..” Қ.Ысқ. ~ Ара-арасында шақылдап күліп қояды. Жаңа ғана бет тырнап шиедей болған оты, суы басқа кісілердің ол енді асты-үстіне түсе бастады. Ә.Нұрп. Намысқа тию, қорлау. ~ “Нәзір қанша жамандағанымен де «Тар жол, тайғақ кешудің» қадірі енді күшейе бермек. Кітаптың суреттілік жағы күшті, тілге де бай. Ал Нәзірдің сыны толық сын емес, қыңыр, бір жақты сын, бет тырнау», — дегеніне редакция тағы да түсіндірме беріпті. К.Ахм.
ә) Ұрсысып-керісті, бір-біріне қол көтерді, жүз шайысты. ~ Әлдененің ызасы тоқалды булықтырды да, ол оқтай атылып, Нағиманың шашына шап берді. Екі әйел төбелессе, шаш жұлысып, бет тырнасар еді, Нағима оны істемей, тоқалды нақ бүйірден ұрды. Б.Майл. ~ Иә… Анау кемпіріммен, қызыммен тістесіп, бет тырнасып әлек салды. Құлағым тыныштансыншы деп үйіне апарып тастадым. М.Сүн. ~ Қашанғы жасырынбақ ойнайды. Түбінде бет тырнасатын болған соң, кейде азу көрсетіп қойған да теріс болмас. Қ.Жұм.
