Posted in

БЕТ ҚОЙДЫ

а) Алған бағытына қарай аяқ басты, бет түзеді. ~ Аурухананың төрт қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен, күні жарқыраған, әуесі саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде, бойы да кеңіп, жадырап, реңі шырайланып, ажарланып, ойы да көтеріліп, шарықтап елге қарай бет қойды… еліне тезірек қайтқысы келді. Ж.Айм. ~ Қалаға Мәкенді алып бет қойғанда, Дәрмен мен Әбдінің Абайдан соң пана тұтқаны дәл Затонның елі. М.Әу.
ә) Әлдебір мақсатқа талпыныс жасады, бет бұрды. ~ Неколайдың қазаққа істеген зорлығын: жерін мұжыққа әпергенін, тілін, дінін бұзуға шаралар тұтынғанын, қазақты қара жұмысқа алғанын, жоғалтып, жұтып қоймақ болғанын, енді ол жауыздың қарашығы батып, бостандық туып, қазақ жұрт болуға бет қойғанын, қазақ жігіттері қайтып келе жатқанын көріп, қуанған соң, құттықтамақ болып тұрғанын… тағы да алқынған, көпірген, лепірген көп сөз сөйлейді. Ж.Айм. ~ “Осы пәленің бәрі патша үкіметінен! Патша мен ақсүйектердің зұлымдығынан, қастығынан” десе, ол крестьяндар үлкен бір қимылға, қарсылыққа бет қойып кетуі мүмкін. М.Әу.