Көк жиекте бозарған сағым көрінісі. ~ Жүрек жырдан лапылдап, көз – құмардан, Өте шыққан сол ғажап кез бір арман. …Айлы қырды кезсем-ақ, боз көйлекпен Қалқып шыға келесің боз мұнардан. С.Нұрж. ~ Сәл қарап жатайын. Анау боз мұнар асты – менің келін боп түскен жерім. Балам, байым қалған жер… Сеземісің, қызым, желі келді – ау! . С.См. ~ Шөбі шабылған қырат-қырқалар, сабаны шашылған мая, күні кеше жыртылған қара пар — бәр-бәрін шаңғытқан мұнар тұмшалап тұр. Аспан да, жер де сол бір сүреңсіз боз мұнарды ауырлап шаршаған, торыққан кейіпте еді. С.Мұр.
