Жігерсіз, жасық, болбырақ. ~ Күнәні әкесі емес, өзі істегендей, Қоңырқұлжаның бетіне қарай алмады, басы төмен салбырап кеткен. «Бәсе, нағашыңа тартқан боз өкпе боларсың деуші едім, дауыс көтеруге жарар түрің жоқ қой. Күмістің де енді маңайынан жүрмессің»,— деді ішінен аға сұлтан. І.Ес. * Хат иесін шамалаған шығарсың. Баяғы боз өкпе Биғалиларың. Бұл күнде облыс орталығындағы ветлабораториядамын. М.Қаб. * Мынанікі не жылпыл? Несіне мәз? Қай қызық, қай рақатты көрді, бұл боз өкпе? Н.Дәу. * Ағасының үлкейіп келе жатқанын, інісінің боз өкпелігін аңғара ма, кейінгі кезде аяқ астынан ширақтық бітіп, күйек сақалын көсей төсеп бұрын сөйлеуге, көстеңдеп бұрын жүріп, бұрын отыруға ұмтылатынды шығарыпты. Ә.Кек. * Енді болмағанда, екі аяғымыз көктен келе ме деп жүргенде, соқаларын сүйретіп әлгі бір боз өкпелер келе қалды. Құдайдың өзі жіберген ырзық болды. Ш.Айт.
