Бір сарынмен, күңіренген, зар илеген. ~ Екінші жолы бозінгендей боздаған қалың әйелді бір-ақ сөзбен ауыздарын жапты да, жамандықты қолымен аластап, қайтарып жіберді. Ә.Асқ. ~ Ақ сәлдесі басында, Боз інгендей боздаған, Қайтіп сабақ береді, Айтқаны ішке қонбаған. Ж.Жаб. ~ Буырқанып-бұрқанып келіп қасқа арғымақты офицердің денесін өз қылышымен турап шықты. Боз інгендей боздап келіп араша тілеген анасының өтіл-тілегін де тыңдаған, естіген жоқ. Ғ.Біл. ~ Ойнат, ата-бабаларыңнан қалған қыл қобызды! Дүрілдетіп өт бұл дүниеден! Қорқыт, Ықылас күйлерін тарт осылай боз інгендей боздатып! Ғ.Біл.
