Posted in

БОЗ ҚАСҚА АЙТТЫ (СОЙДЫ, ШАЛДЫ)

Құдайы айтты, құрмалдық (тасаттық) берді. ~ Кеңкілдеген дауыс: — Я аруақ!.. Я бабам!., тұқымыңды шынымен құртқаның ба?.. Ақ сарбас… Я Ғаусыл ағзам!.. Боз қасқа!.. Қыршын жастарды… бәлеңнен, қазаңнан қағас қыла гөр… қолдай гөр!.. Ж.Айм. ~ Біресе бұл жарлық әншейін қазақты шошытуға, тәубесін есіне түсіруге, ұйқысын ашуға жіберген «құдайдың сыны» шығар, ел боз қасқасын айтса, құрмалдығын берсе, мойнына бұршақ салып еңіреп жыласа, «Өзінен» тілесе, көздің жасын иетіндей, жарылқайтындай көрінді. Ж.Айм. ~ Бірекең Үсік тасқа құдасының аулынан аттанып еді. Әлденеден жүрегі лүпілдей берген соң, ішінен боз қасқа құдайы айтады. Т.Әл. ~ Смағұлдың тұла бойы шымырлап, кезінен жас шығып кетті. Ол: «Жеті күлше құдайы!» деді. «Боз қасқа құдайы!» деуге шаруасы шағын болғандықтан аузы бармады. Т.Әл. ~ Боз қасқа қойын сойғызып, Үлкенге басын қойғызып, Ақтұяққа ер салды, Азығына малта алды… Ж.Жаб. ~ Үйлер тігіліп болған соң, боз қасқа шалып, Тәңірге «тасаттық» береді. Т.Сәу.