Posted in

БОЙЫНА ЖҰҚПАДЫ (ЖҰҚТЫ)

Ұнамады, қабыл алмады. ~ Бесбасбай осыдан он бір жыл бұрын мына қыстаудың үстінде ат ойнатқанын еске алды. Қырық сиыр… Бірақ, қарақалпақтың малы бойына жұқпады. Бекбауылдан жасырып алып қалған бес сиыр… Ол да құрамады. Біреуі құдыққа түсіп өлді… қасқыр жеді… Қысқа түскен бірі жоқ… З.Шүк.
Бойына сіңді, бүкіл болмысына әсер етті. ~ Тамырында ана сүтімен бойына жұғып, асыл текті хандардың қаны араласқанынан ба, әлде Адайда аты шулы батыр тұқымнан тарайтындығын мақтан ете ме, әйтеуір, жанында жігерін жасытпай, қылшылдатып қылыш-қажырын қайрап қоятын бір тылсым күш бар. Ү.Жлк.