Демеді, күш қосты. ~ Нағашысы Нияз серіні көрмейсің бе? …Кезең-кезеңде, керек жерінде беріктік бекінісіне айналмаса бұл Нияз сері, Нияз палуан, Нияз батыр бола ма! Торғын да мұның бойына қайрат құяр ма еді! Жылар, жыламас, бірақ оның да айбат шақырарлық ғажап мінездері бар. К.Қаз. ~ Сенім! Бұл бір ұлы күш! Әсіресе жаны таза адамға өзгенің көрсеткен сенімі бойына қайрат, қиялына қанат береді. Сол сенімді ақтаймын деп қандай қиындық болса да қарсы тұра алады, ақтап шығуға жанын аямайды. К.Қаз.
