Өзіне-өзі ие бола алмады; сезім жетегінде кетті. ~ Тек әлсіз буыны қалтырап бойын билей алмай толықсып кеткен сайын төбесіндегі көл-көсір аспанда, табаны астындағы жерде өзімен бірге теңселіп, шайқалып тұрды. Ә.Нұрп. ~ … қос анары кеудесін тіреп, ұйқысырап бойжеткен жатса – елжіреген бойын билей алмай, нақа от боп күйген денесін салқындатып алуға қам қылып көлге сүңгіген кісідей, құштарлық көліне гүмп береді. Д.Дос.
