А) Әлдебір сезім (ой, үрей, толқу т.т) бүкіл денесін, жан-тәнін құрсауға алды; ықпалын жүргізді. ~ Қандай күн туса да бала-шағасын өсіріп-жеткізбейінше жаным тынбас» деген ой тұла бойын билеп алды. Б.Тоғ. ~ Ширығу, толқу бойын билеп алған. Өңі боп-боз еді. Ә.Әл. ~ Бойын тез жиып, жаңа ғана бойын билеген үрейден арыла қалды. О.Уайльд. ~ Нұр-аға, мен өзім келдім! — деді ол бойын билеген қалшылды, үніндегі дірілді әрең жасырып. — Мен өзім келдім! Ә.Тар.
Ә) Өз-өзіне келіп, сабырмен әрекет етті; өрекпіген жүрегін басты, асау сезімге бой бермеді. ~ Жасып, жалтақтағанмен жан қалмасын біліп, бойымды билеп алдым… Жағаласып өлер жер осы. Т.Сәу. ~ Осы қазір де ол вагонның басқышында көзін жұмып талықсып тұр. Кеудесі қысылды. Маңдайынан салқын тер білінді. Ол сәлден кейін бойын билеп вагонге кірді… Ә.Нұрп.
