Өз-өзіне келіп, сабасына түсті; есін жинады. * Жігіттер аттың үстінде тіктеліп бойларын жинады. З.Шүк. * Ұлпан әуелі қатты шошынып қала жаздап еді, ақсақалдар бірін бірі кимелеп бар жайды айтып болғанша бойын жинап алды. Бекер олай ойлапсыңдар дегісі келгендей азырақ езу тартты. Ғ.Мүс. * Мен ештеңе дей алмаймын, — деді бойын жиып. — Біреуді бақытсыз ете алмаймын мен. Енді біз дос боп қаламыз… Не деп отырмын мен осы, біз онсыз да дос екенбіз ғой, — деп күлді. Н.Сер. ~ Кейде біреудің орынсыз айтылған сөзіне, немесе оғаш мінезіне тіл қатып сөзін шығын қылмай-ақ тәкаппар кескініне мысқыл жүгіріп бір қарағанда әлгі бүлдіріп алған адам кішірейіп шөгіп қалатын да, ал өзгелері бойын жинап ала қоятын. Т.Ахт
