Posted in

БОЙЫ БЕКІДІ

Әлденді, бойына күш жинады. ~ Болдырған бураға «әйт шу» деген де сеп дегендей Прокопенконың сөзі Сармаевқа қамшы болып тиді. Оған әлдеқайдан әл бітіп, бойы бекіп, машиналы болудың түрлі тәсілдерін қарастыра бастады. Б.Қыд. ~ Ақыры аз-аздап өзіне келе бастаған бала, мейірімді екі ледидің шексіз қайырымдылығын терең сезінгенін, әбден жазылып бойы бекіген соң, өз алғысының кепілі ретінде олар үшін бір іс атқаратындығын, олар бала жүрегінің махаббат пен берілгендікке толы екендігін… айтуға халі келген еді. Ч.Дик.