Бойы тапал, қортық, ергежейлі. ~ Бар бəленің пітенедей болған, бойы бір қарыс, үндемей жүріп арамдығы қырық қарыс Хадишадан келіп отырғанын білсе де қарғап-сілемеді. С.Досж. ~ Биыл аштық болады. Егін қылтиып шығып еді, бойы бір қарыс болмай жатып бастанып, семіп қалды. Енді жауын жаумаса, бір үрлеген қара дауылдан қалмайды. С.Жүн. ~ Бойы бір қарыс, әйелдің үлкен шәлі орамалын жағын қаусыра басына тартып, ұзын ұшын беліне екі орап буып тастаған, бір қарағанда домалап келе жатқан түйіншек сияқты. Т.Ахт. ~ Тентек Ахметжан бойы бір қарыс болып ұшып тұрды. ─ Сен өзің қандай бастықсың? «Маңызды хабар» ─ деп жұртты жинайсың да, сол хабардың не екенін де білмейсің. С.Шай. ~ Жапардың жадына Жүсiптiң кiшкентай кезi оралды. Бойы бiр қарыс боп ап, тiлi тастай тақылдап, сарқылмайтын сөзқалта едi. Ә.Ыб.
