Бүкіл бойын билеген ерекше сезімнен жүрегі дір етті. ~ Біресе Ұмсындықтың күйеуі қол ұстаған түні: «Жан терге түсіп, қиналдым» дегенін есіне түсіріп, қорқады. «Жеңешемді өкпелетіп алам ба» деп тағы ойлайды. Ойын-сауықта омырауынан қысқанда, тамағынан сүйгенде бойы шымырлап кететінін ойлағанда: «Одан да тəтті ме екен» деп тағы қызығады. Ж.Айм. ~ Дәрмен күреске шыққанда, дымын қыспаған, жүрегі селт етпеген, бойы шымырламаған жан болған жоқ шығар. Ж.Айм. ~ Айдай ару Нәзилә жұрт арасынан сытылып шыға бере ауыздық сүзіп, аласатып тұрған жынды жиренмен құйындатып келіп қатарласқанда, сұрша қыздың өзіне қарап жәудіреген отты көзін көріп, Боранқұлдың бойы шымырлап кетті. Ғ.Біл.
