Posted in

БОЙЫ ҮЙРЕНДІ

а). Жақын тартты, жатырқамайтын болды. ~ Аз күнде болса жолы бірігіп, бойы үйреніп қалған аға-жеңгесіне туыстарша ашық еркелей амандасып, асығыс жеткен арман-тілегіңде де хабарлай бастады. С.Бег. ~ – Тіпті, бөтендігі жоқ, – дейді келесіде басын шайқай масаттанып. – Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды. М.Мағ
ә) Үрейден айықты. ~ Әр кез көзі іліне сол бір түсті қайталап көре беретін болды. Тіпті құбыжыққа да бойы үйреніп қалған іспетті. Қ.Мүб.