Алаңсыз, бей-жай. ~ Салдарды қазақ халқы өте еркелетіп өсірген. Ол өте нәуетек, кербез, бой күйез, паң, онымен қатар мінезі өте жайдары, ашық ер көңілді келеді. Ә.Мар. ~ Дуня аяғын суға матырып жуа бастады; еті үйренді ме, әлде қызып отырған табаны мұздай суға тиген соң бойы сергіді ме, әйтеуір әлдебір бой күйез рахатқа батты. Қ.Ысқ.
