Posted in

БОЙЫН КҮТТІ

Жанын бақты. Сыланып-таранып, сәнденді, жанын бақты, бойын түзеді. ~ Алтайдай асу бермес асқар емес, Жөңкедей жолсыз емес құж-құж біткен. Көкшетау жер жаннаты жеке біткен Бір сұлу кең далада бойын күткен. Жомарт тау дастарқанды, момақан тау, Шипа тау тазартатын барлық дерттен. І.Жан. ~ Жауқазын Алтын үйінің қызметшісі тәрізді. Отын жару, су әкелу секілді үйдің ішкі-тысқы жұмыстарын, көбіне-көп сол атқарады. Ол болмаса, Жібек атқарады. Ақ саусақ мырза тоқал Алтын, негізінен, бойын күтіп, үйде отырғанды біледі. Әлдекімше көстеңдеп, көшеге көп шықпайды да. Б.Соқ. ~ Әкесінің қартайғанша қой соңынан қалмай жан бағып жүргені де Сақардың миына кіріп-шықпады. Мырзасынып басын бағып, бойын күтіп, байдың оны-пұны «қуып кел, сүріп келімен» күнді кеш қылатын. Ү.Жлк. ~ Ауырыңқырап, арып, жүдеп келсем де, бой күтіп отыруға болмады. Шахтаға түстім. Одан аларың немене, кісі басына грамдап берген азғана наны ғана. Т.Әбд.