Posted in

БОЙ СЕРГІТТІ

Тынықты, бой жазды; серуендеп, дем алды. * Ұлпан бүгін аса көңілді еді. Әкесінің аз ғана жылқысын Сәдірге қосып жібергелі бір жеті бойында атқа мініп далаға шығар, бой сергітер себеп қалған жоқ-ты. Ғ.Мүс. * Жұлдыздар самсаған айлы түн, бой сергіткен салқын ауа, қыздардың сыңғырлаған әсем күлкісі әркімнің көңіліне бүгінгі думан бітпесе екен деген бір тілек әкелгендей. Т.Әбд. * Жыр бітіп кеш үйіріле ортаға тегене толы ас келгенде Хансұлу бой сергіткісі келіп сусып сыртқа шықты. Т.Әбд.