а) Шынайы ықылас танытты. ~ Домбыра, сауық-сайран, өлең құттап. Қызды қызық жиынға қалмай барып. Буынып мықынынан ырғаң басып, Бой салмай шаруасына тиіп-қашып. С.Тор. ~ Қасеннің бірер жағалап келгені Самат еді. Ол да өз ойымен әуре ме, мұнымен бой салып сөйлеспеді. М.Әу.
ә) Барын салды. ~ Келте мойын, қысқа аяқ өз халінен хабарсыз хайуан, жұрт түгел бұған қарағанда еркектік, ерлік қасиетімен сұңғыла сыныма сұқтанды деп ұқса керек, одыраңдап бой салып кәдімгідей шала бүлінді. С.Ел. ~ Бақтығұл абақтыда. Жарасбай өлген соң, қаланың ұлығы да, Жаныстың жуаны да жабыла соңына түскен. Кірерге тесік қалдырмайтын болған. Және өзі де енді бой салып қашпады. Сонымен Қараш оқиғасынан аз күн өткенде қуғыншылар мұны ұстап алған. М.Әу. ~ Бұрын бұндай жауды кезіктірмегендіктен де, киіктер бой салып қашпады. С.Елу.
