Posted in

БОЙ ТАСАЛАДЫ (ТАСАЛАНДЫ)

Жасырынды; көзге түспеуге тырысты. * Мен болсам, әлгі желөкпе әйелмен үшінші қабаттағы есік-терезесі аңырайған пәтерге кіріп бой тасаладым. О.Сәр. * Бұрынғы әдеттерiмен күндiз қалың тоғай арасына жасырынып, түнде жортып отырып, екiншi түннiң таңы қылаң бере Кендiрлiк өзенi бойындағы қалың нар қамыстың арасына келiп, бой тасалады. К.Сег. * Бірден көріне қоймай, қызыл жыңғылдың арасынан бой тасалана сығалап едім: Ләйлә шелегін жерге қойып, иінағашқа сүйеніп тұр. М.Сүн. * … ал тірі қалпында жанашыры да, достары да, сабан төсеніші де жоқ, нөсерден бой тасалайтын баспанасы да жоқ, әншейін ғана дарынды адам, мемлекетке пайдасыз, әлеуметтік дерегі жоқ жанның бірі … О.Бальз.