Көзге түспеуге тырысты, жасырынды. * Дұрыс сөз… Адал сөз… — деген сияқты кешегі сарын, кешегі бой тасадан ешкім шыға алмады. Ғ.Мүс. ~ Патима… су әкеліп, самауырын қойып жіберу сияқты жұмыстарына сыртқы көзден бой таса кездері жасқанбай кірісіп кететін болды. Ж.Ахм. * Тіміскілеген таппай қоймайды. Осындай аман шағыңда бой таса қылу керек, ұлым! С.Мұқ. * Кеттік Шоқан! Таң да сібірлеп қалған шығар. Көлеңке бар кезде бой таса қылайық! (Ажыраған Шоқанды төргі есікке жетектеп). Жүр!.. Тез!.. С.Мұқ. * Бұл пәледен бой таса болғысы келген жолаушылар, алғаш күйменің шатырын көтертіп, өңірін жапқызып еді … С.Мұқ.
