Береке-бірліктен айрылып, тоз-тозы шықты. ~ Несін жасырайын қайран шал-ау! Біз өкпелей алмайтын, тек кеудесі кекке толы мейірімсіз ұрпақпыз. Қауқарсыз құр ашуды бойға жинап болдырған, бордай тозып бара жатқан буынбыз. Ы.Дәб. ~ Бала бағып өсірдім деп қуанып, мақтанып жүрсем бәле асырап жүр екенмін ғой, рахмет, бәріңе де рахмет. Болмай кетіңдер, бордай тозыңдар — деп бетін сипады да атына қарай жүре берді. К.Өтж. ~ Малымызды неге тартып әкелмейміз? – деген сосын бордай тозып, босап отырған шал-шауқанды селк еткізіп. Бәрі жамырай Досмағанбетке қарады. Н.Дәут.
