Posted in

БОРДАЙ ҮГІТІЛДІ (ҮГІЛДІ)

Егіле қайғырды; көңілі құлазып, уайым тартты, жүнжіп кетті. ~ Елісханәкесінің өлі денесін құшақтап бір еңіресе, екі шешесінің, әйелінің, балаларының мүрдесін көріп ет-бауыры езіліп, бордай үгітілді. Ж.Шәк. ~ «Бордай үгітіліп соншалық кім маған? Наурызымның садағасы… Тек жалғыз ғой деп аяймын…» М.Сүн. ~ Жыламашы, апа, мықты едiң ғой, не болды бордай үгiлiп. Уақыт өтiп барады, ел-жұрттың амандығын айтсаңшы одан да. Т.Сәу. ~ Жаратқан жалғыздың жарылқаймын десе, құдіретінде шек жоқ қой. Күдерімізді үзбейік, бордай үгіліп жаси бергенмен, ештеңе өнбес. А.Сей.