а) Келін боп түсті. ~ Жетісуда әйелдер ақ орамал салады, ол әрі әйел екенінің, яғни некеде тұратындығының да белгісі болады. Қызыл орамалды ол кезде тек қыздар салатын. Ол да босаға аттамағанның белгісіндей. Б.Қыд. ~ Қыздың әкесі қуынбады ма екен? ─ Қайтсін енді, босаға аттаған қызын қара бет қып, қайтып әкелсін бе? Т.Әбд.
ә) Әлдебір өмір белесін артта қалдырып, жаңа өмірге аяқ басты. ~ Міне, балалар сендер де «Жас ұлан» мүшесі болдыңдар! Бұл — балалықтың босағасынан аттады деген сөз! Енді сендер еліміздің есейген азаматысыңдар! Б.Тоғ.
