Күйеуде болып шыққан әйел. ~ Тағы бір-екі рет мұңды әйел бізге сөйтіп сәлем беріп қалды. «Алашорда» отағасының босағасын көрген әйел екендігінде шегім болған жоқ… Сөйтіп, түрме бақшасына жұмысқа барып жүрдік. С.Сей. ~ «Нашар теңдігі», «әйел бостандығы» деген сөзді мазақ қылып, жерге таптапты. «Алашорда» отағасының босағасын көрген сорлылар Совдепті жоқтайтын болыпты. С.Сей. ~ Араға адам салып, үйге алып келген күнде, тарпаң тайдай бұла жастар мұнымен қосақ құрып тұра ала ма? Ол жағын болжап білу қиын. Ал, анау Айша болса – бір рет босаға көрген, бала асырап, жалғыздықтың тауқыметін тартып жүрген жарым көңіл. Ә.Асқ.
