Құны жоқ, болымсыз дүние; күйбең тірлік пен аш қарынның қамы д.м. ~ Бір ананың қос емшегін тартқылап өскен екеу — күндеске, кәдімгі қатын-күндеске айналды. Уа, мына боқ дүние! Сені теріп қай қоңыз тоңқаңдамады! Ж.Нәж. ~ Бес күн жалғанда ешкімнен қаймықпай, ақ алмастай жарқылдап өткен азат ерлерге бас иемін. Боқ дүние мені менсінбеді, түтінім болмаған соң боқ дүниені мен алмадым. А.Кем. ~ Өмір деген де бір бозшолақ атты боқ дүние ғой. Оның өткелі бұзылмайды, күттірмейді. Айжантай… Зырқырап өтіп жатқаның сол. Міне, сен де ес біліп, етек– жеңіңді жидың. Біреуге — үлкен, біреуге — кішісің. М.Сүн. ~ Ертең көзі жұмылған соң, Қарымбайдың жер қайыстырған сансыз түлігіндей тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетер берекесі жоқ, боқ дүниені жұртынан қызғанса керек, мол малды алтын– күміске айналдырып, Қыранқала атанған осы үңгірге тыға беріпті деседі. К.Сег. ~ Содан кейін сойылды оңтайлай көтеріп тұрды да, отауды сартылдатып, сабалап ұрып кетті. — Бұл боқ дүние кімге опа берген! Нәйәті, қатынға қадірім жүрмесе, баз кештім онда бәрінен! Уа, жау шаппаса, мен шаптым, міне, мен шаптым! С.См. ~ Тапқан табысты біреулермен бөлісе алмай, боқ дүниеге ашкөздене қарап, ақыры бүгінгі күннің басты «жыры» – көзбе–көз қастандықтың құрбаны болды–ау дейін десеңіз, Қарасайдың алқын–жұлқын бизнеспен айналысқаны шамалы. Қ.Жиен.
