Posted in

БОҚ МҰРЫН

Ақыл-ойы жетілмеген жас бала. ~ Әсіресе кешегі боқ мұрын қаршадай балалар бүгін Маркс, Ленин деп, көмейі суырылып, “пәлені қате, түгені теріс!” – деп талқылағанда, адамға біртүрлі ауыр тиеді екен. І.Жанс. ~ «Тамырды әлсіз жерден басуын қарашы» деп түйді де, намыстана сөйледі: — Жоға, мені бір боқ мұрын бала көресің-ау өзің. С. Шайм. ~ О, несі- ей, ол қай басынғаны- ей… Түске дейін есі бар, түстен кейін есі жоқ, боқ мұрын, салпық ерін жаман ұлыңа мақтанамысың- ей… Төбеңді көкке жеткізгенін көрермін… О.Боқ.