Зіркілдеді, ашуланды, кәрін төкті. ~ … қызметі өскен сайын аралас-құраласы да көбейген, сауда төңірегінде не көп -қыз көп, соңғы жылдары соңынан сыбыс та ере бастаған, сондай бір сүмелек сөзді құлағы шалып қалғанда Нұр бурадай буырқанатын. Ә.Тар. ~ Айбатына мініп, кәрі бурадай буырқанып жүрген Кетбұға жаудың қос қапталдан бірдей қусыра бастағанын байқап қалды. Д.Рам.
Бұлқан-талқан ашуланды, зәрленді. ~ Дәл сол кезде сен қарлы, жаңбырлы қара дауылыңды соққызып, Әділді урядник бір айдаса, ыққа қарай сен дауылыңмен екі айдап, бурадай бұрқырағаның, жерді қара түтек боран қылып, аспанды қapa жаңбырлы қара бұлтпен қаптағанын Әділге қылған көрің бе? Шәк. ~ Құлағы түк естір емес. Біреу бұның екі қолын қайырып ұстап алған. Бұл екі иығын жұлып жеп, ақырып: — Қырам!!! Жоям!!! Талқандаймын!!! — деп бурадай бұрқырайды. Сөйтсе бұған кеп бір бала жармасып жүр, іштен түйгілеп, жылап. С.Ел. ~ Бұл — “оңшылдық пен солшылдық”. Бұл — әкімшілік қолданғандық. Бұл — асыра сілтеушілік. Бұл — жеке шаруаға тізе көрсеткендік! Мен бұған көнбеймін, мен ізденем!—деп, Мұқыш бурадай бұрқылдады. Б.Май.
