Зәрін төгіп, жер жебіріне жетіп ұрысты, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты. ~ Ұлтарақ, сен тұра тұр. Жазаңды бергізермін. Ит жеккенге айдатпасам Саурық атым өшсін», – деп бурадай жынын шашып, борандатып жүр. Ә.Шәр. ~ Осы жөнінде жаңа ғана жағаласып шықтым. Қу жақ шал тіпті міз бағар емес. Біздің Сталинге жазған хатымызбен танысқан екен, бурадай жынын шашып отыр… Жүр, Мұқаңа барып сәлем берейік. Б.Тоғ.
