Posted in

БУЫНЫ БЕКІП, БҰҒАНАСЫ ҚАТТЫ

Есейді, өз күнін өзі көретіндей жағдайға жетті. ~ Жас кезінде, әсіресе, әскери міндетін өтеп, буыны бекіп, бұғанасы қатып келген кезде, екі иығына екі кісі мінгендей, көрікті де сымбатты, аса қайратты жігіт еді. О.Бөк. ~ Иә, буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып қой қырықты, қырманда дән сапырды. БАҚ ~ … әйтеуір, ауыр-ауыр екі шелек буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жеткіншектердің екі иінінен зілдей басып, онсыз да тапал бойды төмен тартар еді. Ш.Мұр.