а) Көңілі бұзылып, жүрегі елжіреді. ~ Енді ежелгі мекеніне қайтқысы келіпті. Өте қиын болды. Ел болып үгіттеп, тоқтата алмады. Кетті. Рахман-Ата ауылы тостаған соғыстырып, буыны босап айрылысты. М.Мағ. ~Түйіншектерін арқалап, балаларын жетектеп, шұбырып кетіп жатқан босқындар көз алдына келді. Қатал кезде буынын босатқан осы бір көріністен арылғысы келіп, генерал атын тебініп желе жортып кетті. Т.Ахт.
ә) Күші қайтты; әлсіреді; ыңғайына құлады. ~ Байжан үйге кіргенде не болғанын білмеді… Буыны босады, кісіге қарауға жүзі шыдамады, төмен қарады, әжесінің тасасына жасырынып тұрды. А.Байт. * Жұрт мақтап жүрген балуан, ер, өлеңші, өнерлі, топ басы Байманға не бетінен, не тамағынан, не аузынан, не тілінен сүйгізерін білмей, қай жерінен сүйсе де алғандай емес, буыны босап кетті. Ж.Айм. * Е-е, солай деңіз… Онда мәселе басқа, – деп, милиционердің буыны босай бастаған кезде, оған жапа шегуші азамат көнбей, ыршып түсіпті. О.Сәр.
