Өмірлік тәжірибесі мол, жақсыны да жаманды да басынан кешкен, кәнігі адам д.м. ~ Кемпірдің мына сөзіне Зағипа да, мен де күліп жібердік. Жас қыз жымиып, ол да күлді. Бейқам отырған сөз иесінің өзі ғана. Әй бірталайды көрген пәле кемпір боларсың-ау! Б.Соқ. ~ Тек кісіні сипап көргендей әккі көзқарасы ғана оның өзіндік қасиетін аңғартқандай. «Әй бірталайды көрген, жырынды боп қалған қу боларсың», – деп ойлады Мұрат Неге екенін өзі де түсінбеді, бірақ әйтеуір оны жұмсағысы келмеді. Т.Ахт.
