Posted in

БІТЕ ҚАЙНАСТЫ

Қым-қуыт араласқан; тығыз байланыста, ажырамастай бірлікте болған; бір-бірінсіз күн көре алмастай. * Әлімсақтан жерге жақын болған, бүкіл тірлігі жермен біте қайнасқан Адам баласы енді жерден алыстап алып шаһарларда көп қабатты үйлерде тұра бастады. С.Ел. * Дәрмен бұлар махаббатына әнімен, әсем өлең жырымен үнемі араласып, біте қайнасып кеткен. М.Әу. * Балалықтың дәмін шала сезген Қарлығаш ерте есейіп, өмірдің ащы тұщысына еті үйреніп алды. Тып- тыныш ауыл тіршілігімен біте қайнасып, еңбекке ерте араласты. А.Әлт. * Өзі қоян-қолтық араласып, біте қайнасып өспеген жат өмірде сүрінісі де көп болған-ау. Қ.Тол.