Сәті болғанда; бір жақсысы. ~ Құлагер болмағанда кім екенін бай аңдап қалатын еді. Бір абұйыры жүйрік аттың арқасында жігіт құтылып кетті. Ж.Айм. ~ «Бір абұйыры, жалғыз екен, — деді шал іштей бір есеппен. — Бұған тағы біреуі қосылып, екі жақтамаса болғаны. Біреуіне алдыра қоймаспын» деп кісесінен үлкен қара кездігін алып, қолына оңтайлап ұстап жүрді. Қ.Жұм. ~ Тегінде, Әзиевті суқаны сүймейді. Тереңдеп ештеңені ойлай алмайтын болбыр адам сияқты. Әйтеуір, бір абиыры — туыстары көп. С.Мұр.
