Жаңсақ басты, қате жіберді. * Тыңдай беріңіз. Кешегі ұлы Отан соғысында жүрген кезімде мен бір ағаттық жасадым. С.Шайм. * Қасында қонақтарың бар, жай да емес, қалам ұстаған жігіттер. Бұлардан ол да бір ауыз ілтифат күтеді. ─ Бір ағаттық кеткен екен. ─ Оны түзету қиын емес қой. Қ.Ысқ. * – Мәке! Бір ағаттық өтті. Білместік менен болды. Шарбағым құлап жатыр… ешкі кебенектің жүрмейтін жері жоқ. Бақшамды таптап… Үйге қайтайын, ә… С.См. Төлебай ағаны білдім. Анау кім екенін түсінбедім. – Төлебайға мойын бұрды. – Сіз де кешіріңіз, аға, ініңізден бір ағаттық өтті. Енді қайталанбайды. Б.Ыбыр. * Сіңлім, әлгінде өкпелеп қалған жоқсың ба? — Тәте-ау, неменеге өкпелейін. Қайта, сіз… мені кешіріңіз… Бір ағаттық жасап алғаным… С.См.
