а) Тәп-тәуір, ешкімнен кем емес д.м. ~ «Пайғамбар да күйеуін сыйлаған» деп ешкім мұның бетінен қаққан жоқ. Жылқының бабын бір адамдай біледі. Өзіне де бір үйір жылқы бітті. К.Қаз. ~ Бай үйінің айран-шалабын көз сатқанша, еліне қосылған көп артық. Аштан өліп жатқан ешкім жоқ. Әкесі бір адамдай күнін көреді. З.Шүк. ~ Өзіне салса, балдырлардың арасынан мәңгілік орын тапса, ешбір өкінбейді. Былайғы өмірдің қызық– шыжығын бір адамдай көрді ғой. Қалғаны жер басып тірі жүргендерге… Қ.Жиен.
ә) Ұйымдасқан түрде, жинақы әрекет етті. ~ Жауынгер түгел, жолдас лейтенант! Сигнал бойынша бәрі бір адамдай вагонға мінді,– деп баяндады Байсарин. Т.Ахт. ~ Ал үш бұрыштың артқы екі бұрышында келе жатқан екі жігіт алдындағы бала жауынгерге төніп солдаттарды қағып тастап отырады. Осылай бір адамдай қимылдаған үш жігітті қандай жау болса да ала алмайды. І.Ес. ~ Қуаланды қу байтал халімде жарық көрді. Жұрттың бәрі бір адамдай жақсы қабылдады. Көргісі келмегендер көрмей-ақ қойсын. М.Мақ.
