Posted in

БІР АЖАЛДАН ҚАЛДЫ

Әлдебір үлкен қауіптен аман-сау құтылды. ~ Бесте болатынсың. Со жолы бір ажалдан қалып ең. Сала құлаш жайынды судан суырып алып, қайыққа қайырып тастағанымда, шоршып тулап, быт-шытымызды шығара жаздаған-ды. Есіңде ме сол? Э.Хэм. ~ Күйеуі көлік апатынан аман қалып, садақа жасады. Молда шақыртып, Құран оқытты. − Жаратқан иемізге алғыс айтуы дұрыс, бір ажалдан қалған екен ғой бақыр, − деді. Осы сәт… Лияның қалың тұманы сейіліп, көп нәрсе анықталған сәт… АҚ “Эрзац”. ~ Лажы таусылған аға лейтенант алты атарын қорабына салып, акоп ішімен кете барды. Қабылдаға қарасам, өң жоқ, түс жоқ ағыл тегіл жылап отыр екен. – Қалқам Жанахмет бір ажалдан қалдық. Сені атып тастаса мен елге қалай жетемін деп кемсеңдейді. АҚ “Тағдыр”.