Posted in

БІР АЙНАЛДЫРСА (АЙНАЛДЫРҒАНДЫ) ШЫР АЙНАЛДЫРАДЫ

Бір жолы болмаған адамның бейнеті көп. ~ Оның үстіне, Өрік Пейілжаннан екі қабат екенін білген. Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады. Мұндайда бақытсыздықтың ұшы – қиыры болмайды. І.Ес. ~ Әбиболла бұған көнді. Көнбеске шарасы да жоқ. ГПУ бір айналдырса, шыр айналдырады, айтқанын орындамасаң, өзінді «бандының құйыршығы» деп айдатып жіберуден тайынбас… Б.Тоғ. ~ Бірыңғай қасірет боп кетсе ғана: «Ойпыр– ай, жамандық та егіз бе еді. Бір айналдырғанды, шыр айналдырды– ау. Сорлының жақында шешесі дүние салған, енді бауыр еті ағасы опат болды»,— дертұғын. М.Сүн.