Posted in

БІР АРНАҒА САЯДЫ

Мәні, мағынасы бір. * Жаңағылардың аузынан соның иісі аңқып отыр. “Дін қарындастық, кәпірге қастық” деген талай үгіт, өсиет бір арнаға саяды. М.Әу. * Әйтеуір, бәрінің де тұспалы бір-бірінен онша алшақ емес, бәрі де бір арнаға саятын сықылды… С.Жүн. * Жаңағы халфелермен кезігу тұсынан ширығып сөйлеген Абай, Әбіш үшін де бірталай жайдың түйінін шешіпті. Оның жеке-жеке байқап жүрген бір жөндері енді кеп бір арнаға сая бастады. М.Әу. * Тоғыз пернедей тоғыз тараптан үндесіп, үйлесіп келіп бір арнаға саятын, тілсіз табыстыратын туыстық әкел! С.Смат.