Асып-тасып, менменсіп кеткен адамның қалай да бір жолы кесіледі. ~ Бір асқанға, бір тосқан бар– ақ деген, Талайдың қисық деуші ем құрған тезін. Шіркін– ай мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін. Біржан сал. ~ Соған Алдар көсе иланады да, атынан түсіп, қатынға береді. Қатын атқа мініп, бесікті алдына алып, суға түсіп кетеді. Судың ортасына барған соң бесікті суға тастап жіберіп тұрып айтады: – Бір асқанға бір тосқан осы деген, бәлем, әлі жас екенсің, мұрт-сақалың шыққанда мені алдарсың, – деп, жүре беріпті. ҚЕ. “Алдар Көсе”.
