Жоқтан өзгеге бұртиды, ренжіді. ~ Бір ауыз сөзге тоқтап, бірігетінің бар да, бір атым насыбайға өкпелеп, іритінің де бар-ау. К.Қаз. ~ Аудан орталығына жолы түскенде Тұрсынғали біздің үйге соқпай кетпейді. Менің бір аңғарғаным, қазақ өкпешіл халық, тіпті «бір атым насыбайдан көңілі қалады» демекші, кішкентай нәрсеге де өкпелеп қалады. Т.Ахт. ~ Кешегі аста сау болып келіп, бір-біріңе жау болып кеттің. Шатырбай мен Нарғазының арасындағы егес емес, Қармыс пен Медет арасындағы егесті көргендей болдым-ау. Бір ауыз сөзге тоқтап, бірігетінің бар да, бір атым насыбайға өкпелеп, іритінің де бар-ау. К.Қаз.
