Posted in

БІР АТТАМ

Бір қадам қашықтық. ~ Аспан асты Сарыөзектің ұлы даласы бір қиырдан бір қиырға дейін созылып жатыр, бірақ Ана-Бейітке өтетін бір аттам жер жоқ. Ш.Айт. ~ Сен қанша жұбатсаң да, Бәкизат жуық арада өзіне-өзі келе алмай, талдырмаш нәп-нәзік денесі дір-дір етіп бауырыңа жабыса түсіп еді-ау. Осыдан кейін Бәкизат сені қасынан бір аттам жібермей, қос қолдап жабысып ұстап алды. Ә.Нұрп. ~ Боранқұл өзінің бір аттам ізіне екі аттап басатын Гүлсімнің адымына шақтап жүрісін баяулатса да, екі-үш тұмсық айналмай жатып Гүлсім қайта отырды. Ғ.Біл.