Мән-жәйді айтпастан, оқыстан, ештеңе деместен. ~ Мәселенің анық–қанығына көз жеткізбей, бір ауыз сөзге келмей қызметімнен қағып тастағаны жаныма батады, – дейді бұрынғы министр, бүгінгі жай жолаушы Жарылғап мырза күңірене сөйлеп. Д.Дос. ~ Таныс болған соң, жігіттер, бұларың не деп реніш айтуға бармаймын ба, бір ауыз сөзге келместен есікті тарс жауып жабылып берсін… Қ.Ысқ. ~ Бұлыш бір ауыз сөзге келместен шиті мылтығын қолға алып, қотыр тайлаққа қарғып мінеді де кейін қарай тартып отырады. С.Ел.
