Posted in

БІР АУЫЗ СӨЗГЕ БОЛА

Жоқтан өзгеге өкпеледі д.м. ~ О заманда ауыздан шыққан сөз атан жіліктей ауыр болатын деседі. Айтылған сөз – атылған оқ. Сөзді аяқасты ету, сертті бұзу – жазмышыңды ойыншық ету. Бір ауыз сөзге бола жан алып, жан берген баяғының адамдары неткен берік! Д.Дос. ~ Сол қылығына кешірім сұрап, татуласқысы келген шығар. Бір ауыз сөзге бола Есет екеуміз мектеп бітіргенше өстіп дүрдіараз жүре береміз бе?- дедім. М.Қаб.