Posted in

БІР АУЫЗ СӨЗ АЙТПАСТАН

Әй-шәй жоқ; түк деместен. ~ Қанды көз бір ауыз сөз айтпастан құшақтауға бір де ұмтылмастан шығып бара жатқанда Бике бұрынғы қор– қорды қойып, енді ермекке менің қызығым қалмаған екен деген қауыпқа кіріп, тынышы кететін болды. Ж.Айм. ~ Әл үстінде жатқан Әкеге де өзінің әскери комиссариатқа емес, Бандыға ілесіп кеткені жөнінде бір ауыз сөз айтпастан аттарының басын Сауырдың қарлы, қарағайлы биіктеріне бұрған. К.Сег. ~ Басын төмен салған күйі ақырына дейін тыңдап отырып, бетінің отын шығара қызды шапалақпен бір тартты да, бір ауыз сөз айтпастан орнынан тұрып жүре берді. Қ.Жұм.