Posted in

БІР АУЫЗ СӨЗБЕН

Көп сөйлемей-ақ. ~ Сондықтан күзге жақындаған кезде өзі тоқтағанда, іштегі ниетін ұрыларына сездірмей, олардың жүрісін өзі де сезбегендей бола қалған. Бір ауыз сөзбен оларға ақыл да, тоқтау да айтпаған. М.Әу. ~ — Апа! — дедім, бар сағынышымды сол бір ауыз сөзбен ғана айта алатындай. Ғ.Мүс. ~ Ұлтымызда сөз киесі айрықша. Бір ауыз сөзбен тағдыр шешілген, бір ауыз сөзбен соғыс тоқтаған. “Сөз сүйектен өтеді”. Ж.Аяз. ~ Осы бір ауыз сөзбен ой – мақсатын жеткізіп, әрі көңілдегі бар түйткілді сейілтпек болған Құнанбай мырза есебінен жаңылмапты. Т.Жұрт.